Gylymbilim.kz Қызметтері
Біліктілік жетілдіру:
- ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің оқыту әдістемесі бойынша мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру
Шеберлік сынып:
- Заманауи трендтер бойынша пәндерді оқытудың жаңа тенденцияларымен парадигмаларына негізделген инновациялық сабақтар өткізудің әдістері
Ғылыми-әдістемелік семинарлар:
- Инновациялық білім беру мәселелері бойынша семинарлар
Сертификаттау:
- Біліктілікті арттыру курстарынан өткен мамандарға арнайы кодталған сертификаттар
Gylymbilim.kz - бұл...
"Ғылым және білім интеграциясы" ЖШС туралы
«Ғылым және білім интеграциясы институты» ЖШС-Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінің педагог мамандарының: балабақша тәрбиешілеріне, жалпы білім беретін мектептің, орта арнаулы оқу орындарының мұғалімдері мен жоғары оқу орны оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыруға қызмет ететін мекеме.
Біліктілік арттыру курстарын елімізге танымал ғалымдар, әдіскерлер жүргізеді. Олар отандық озық дәстүрлер мен шетелдік үздік тәжірибелердің жетістіктеріне сүйене отырып, заманауи білім беру кеңістігіндегі жаңа трендтерге сай пәндерді оқытудың инновациялық технологияларын ұсынады. Дәрістер мен ғылыми-әдістемелік семинарларда білім берудің жаңа тенденциялары мен парадигмаларына орай оқыту үдерісін нәтижеге бағдарлай ұйымдастырудың жаңа жолдары үйретіледі. Авторлық технологиялар аясында ғалымдардың дара әдістемелері ұсынылады.
Біздің cеріктестер